Хатшы қыздың масқарасы шықты: Компьютер экранына айна іліп қойған хатшы қыз байбалам салды (ВИДЕО)

Хатшы қыздың масқарасы шықты: Компьютер экранына айна іліп қойған хатшы қыз байбалам салды (ВИДЕО)

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімінің хатшысының дөрекі қылығы жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.

Түркістандық блогер Жанбол Рахматулла Кентау қалалық әкімдік ғимаратына барып, басы дауға қала жаздады. 

Әкімдіктің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Искаков Талғат Айтуғанұлы отыратын кабинетке кірмек болып, хатшы қыздан рұқсат алу барысында блогер "дыбыстық, бейне жазба жасап тұрмын" деп ескертіп, камерасын қосады. 

Әйтсе де, ыңғайсыз уақытта мазалаған, әрі қолында камерасы бар блогердің әрекетіне хатшы қыз бірден ашуланып, дүрсе қоя берді. "Мені түсірме!" деп дауыс көтерген қыз өзінің қайда отырғанын ұмытқандай. 

Блогер мен хатшы қыз арасындағы тәжікелесу біршама уақытқа созылды. Жанбол Рахматулланың видеосынан байқағанымыз, біріншіден мемлекеттік мекемеде отырған хатшы қыз өзін камераға түсіруге тыйым салып, дөрекілік танытты.

Екіншіден, жұмыс уақытында компьютері өшіп тұрғаны аздай, хатшы қыздың компьютер экранына іліп қойып, қарап отырған айнасы жұрттың назарына бірден түсті. 

Блогер хатшы қыздың жанына жақындап барғанда, хатшы қыз мемлекеттік шаруалармен емес, шай ішіп, айнаға қарап отырудан басқа қандай жұмыспен айналысады деген сұрақ еріксіз көкейге келді. 

Хатшы қызының өктем шыққан дауысынан кейін блогерге өзі шыққан Искаков Талғат сонша шудан кейінгі блогердің сұрақтарына сыдыртпа жауапты жаудырып, шығарып салды. 

Видеоға қатысты жазылған пікірлер біз айта алмаған көп дүниені толықтырады деп, біразының скриндерін назарларыңызға ұсындық. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

 

 

Барлық жаңалықтар