Исламдағы кейбір неке түрлері - әйелді қорлау емес пе?

Исламдағы кейбір неке түрлері - әйелді қорлау емес пе?
Исламда уақытша неке бар ма, жоқ па? Бұл сұраққа қатысты қоғам белсендісі Досбол Оразғалиев діникітаптардан нақты дәлел келтіріп, жұртқа ұсында деп жазады Democrat.kz.
 
"Исламда уақытша некенің бір түрін (уақытша некелердің түрлерін төмендегі скриншоттан көріп, танысып аларсыздар) фиқһта «Никахул-Муәққат» деп атайды. Өзінің аты да айтып тұрғандай, уақытша неке дегеніміз неке қию барысында «мына уақытқа дейін» деп, некенің мерзімін санаулы уақытпен шектеуді айтады. 
 
Мысалы, екі куәгердің алдында: «пәлен қызды он күнге немесе бір айға яки бір жылға т.б. уақытқа өзіме некеледім» дегені сияқты.
 
Яғни уақытша неке «фәсид неке» үкімінде. Демек, қиылған неке шариғи неке болып саналмайды.
 
Әлдекім неке мерзімін санаулы уақытпен шектеп жатса қиылған некесі «өмірлікке қиылған неке» үкімін алады. Ал, «белгілі уақытпен шектеу шарты» (фәсид шарт болғандықтан) өздігінен жойылады.
 
P/S: Ақтөбе қаласында мешітте болған жағдайды ескерсек екеуі де муслим. Демек әлгі ахи-браттың уақытша неке сұрауы Исламдық көзқараспен қарағанда заңдылық. Ал біздің ел зайырлы мемлекет екенін кей-кейде «олар» ұмытып та кетіп жатады" деп жазды Досбол Оразғалиұлы. 
Барлық жаңалықтар