Испания премьер-министрі Педро Санчес парламентті таратып, 29 қарашаға кезектен тыс жалпыұлттық сайлау белгіледі. Шешім елдегі тұрғын үй дағдарысына қарсы жаппай наразылықтар мен үкіметтің тұрғын үй реформасының парламентте өтпей қалуы аясында қабылданды, деп жазады Democrat.kz.
Педро Санчес елге телевизиялық үндеу жасап, үкіметтің барлық мақсатын орындай алмағанын мойындады.
Ол реформаларды жалғастыру үшін парламентте кеңірек саяси қолдау қажет екенін айтты.
Саяси дағдарыс тұрғын үй мәселесі ушығып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді.
2 қазанда парламенттің төменгі палатасы үкімет ұсынған тұрғын үй жөніндегі екі декретті қабылдамады.
Осы уақытта Испанияның ондаған қаласында баспана бағасы мен жалдау ақысына қарсы ірі наразылық акциялары өтіп жатыр.
Мадридтегі акцияға шамамен 70 мың адам қатысқан.
Кезекті парламент сайлауы бастапқыда 2027 жылы өтуі тиіс еді. Енді испаниялықтар жаңа парламент құрамын 29 қарашада таңдайды.