"Желтоқсаншылар пайғамбарымызға кірген" дейді діндар

"Желтоқсаншылар пайғамбарымызға кірген" дейді діндар

Діндар Мұхитдин Исаұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты бір жайт туралы айтып, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Құдай жолында, елі, жері үшін соғысып, қайтыс болған кісілер жәннаттық екенін тілге тиек еткен Мұхитдин Исаұлы: "Таяуда танысым түс көргенін айтып, түсінде Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың пайғамбарымызға сәлем беруге раузаға кіріп бара жатқанын көріпті. 

Сол түсін маған айтты. Желтоқсанның уақыты ғой, соған көрініп жатқаны шығар. Желтоқсаншылар шейіт қой. Алланың өзі айтқан ғой, Алланың жолында, елі үшін соғысқандар шейіт деп. Сондықтан Желтоқсан құрбандары шейіт қой" дейді. (Мақаланың өңін өзгертіп, сілтемесіз, ұрлап көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Әйтсе де, діндардың бұл айтқандары көп кісіге ұнамай, "әйтеуір бәрін дінге апарып тықпалай береді" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар