Kazakhmys Smelting қызметкерлері референдумды ел болашағы үшін маңызды қадам деп санайды

Kazakhmys Smelting қызметкерлері референдумды ел болашағы үшін маңызды қадам деп санайды

Kazakhmys Smelting ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын білдірді.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндірістегі әр қызметкердің еңбегі қаншалықты маңызды болса, мемлекет деңгейінде де әр азаматтың ұстанымы елдің ортақ болашағын айқындайды. Сондықтан референдум – ел дамуы үшін маңызды шешімдердің бірі.

Металлургтердің пікірінше, жаңа Конституция жобасында еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуы нақты көрсетілген. Әсіресе қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы, кемсітушіліктің болмауы және әлеуметтік кепілдіктер басты назарда болуы тиіс.

Өндіріс өкілдері жұмысшының өмірі мен денсаулығы кез келген өндірістік міндеттен жоғары тұруы керек екенін атап өтті.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған.

Балқаш мыс балқыту зауытының ұжымы 15 наурызда өтетін референдумды елдің болашағына бағытталған маңызды әрі жауапты таңдау деп санайды.

 

Барлық жаңалықтар