Күйеуге кеш шыққан қыз сыңсуды шошаңдаған ремикске айналдырып жіберді 

Күйеуге кеш шыққан қыз сыңсуды шошаңдаған ремикске айналдырып жіберді 

Желіде aidanka деген атпен танылған ару өзінің ұзатылу тойынан ерекше бейнежазба жүктеді, деп жазады Democrat.kz.

Алайда, дәстүрді дәріптейтін қыздың ұзатылар сәті ерекше көзге түсті. Мәселен, оны төрден есікке шығарып салатын тұста Гаухар Әлімбекованың орындауындағы «Ақ келін» атты әні ырғақты музыкамен қойылды. Соған сәйкес қалыңдық та жан-жағына қарап, ойқастай билеп ортаға шығып, бірден есікке беттеді. 

Бұл көріністі әркім әр қалай қабылдады. Бірі «Мәселе отызда емес, он сегізде болсаң да осылай көңілді кету керек. Сыңсу, жылау, қоштасу, бәрі жасандылық» десе, ендібіреулер «Қырыққа келіп тисе, сальтомен шығатын шығар» десті.

Барлық жаңалықтар