"Күйеуімнің көзіне шөп салдым" деп ағынан жарылған блогер бар шындығын мойындады

"Күйеуімнің көзіне шөп салдым" деп ағынан жарылған блогер  бар шындығын мойындады

Әлеуметтік желіде блогер Айым Асқар жұбайлардың бір бірінің көзіне шөп салуы туралы айтып, "күйеуімнің көзіне бес жыл бойы шөп салдым" деп мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Мен күйеуімнің көзіне бақандай бес жыл бойы шөп салып, алдадым. Екі баламның барына қараамастан, сондай нәрсе жасадым. 

Әрине, басқа "изменщиктер" сияқты мен де іштей өзімді кінәладым. Жасамау керегін біліп тұрсаң да, жасайсың. Өзің қаламаған адаммен бір шаңырақтың астында түк болмағандай жүресің.

Бірақ көңілің басқа жақта. "Ажырасайық" деудің орнына, жұрт не дейді деп жалтақтап, өтірік отбасылық өмірді сүре бересің. 

Жұртқа жағу үшін жұртқа ұнайтын жолмен амалсыз жүруге тура келеді. Осындай сезіммен өзгеге емес, өзіңе опасыздық жасап жүргеніңді байқамайсың. 

Қазір мен бір ғана нәрсені түсіндім. Адамның өзі өзінен басқа ешкімге керек емес. Әр адам өз өмірін қалауынша сүруге қақысы бар", деген блогер өзінің жасаған тірлігін жасырмай айтты. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

Барлық жаңалықтар