Майра Мұхамедқызы: "Бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық"

Майра Мұхамедқызы: "Бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық"

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қытайда ең жоғары құрметке ие болды. 

Өнер иесі консерваторияның профессоры атанды.

"Қытайдың Сиань консерваториясы маған профессор атағын табыстады. Бұл консерваторияда 6000 болашақ музыканттар өз мамандығы бойынша оқиды. Консерваторияға түсу бақыты – сол адамның маңдайына қонатын бақ. Әсіресе, бұл білім ордасында профессор болу деген… сөзбен жеткізе алмаймын", – деп жазды ол.

 

Майра Мұхамедқызы қаншама жыл тер төккен еліміздегі ұлттық консерваториясына реніші барын жасырмады.

"11 жыл бұрын Қырғыз ұлттық консерваториясының профессоры атанғанмын. Ал біздің Астанадағы "Шабыт" ұлттық консерваториясында қанша жыл жұмыс істеп, шәкірттерім халықаралық конкурстарда 1-орын алса да, бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық. Бірақ шүкір! Халықтың махаббатынан артық не керек деп жүре бердік",– деп жазды әнші.

Барлық жаңалықтар