Мектепте бір топ бала қызға жабылған

Мектепте бір топ бала қызға жабылған

Семейде «Холодный ключ» ықшамауданында оқушы қызды соққыға жыққан. Куәгердің айтуынша, бір топ бала қызды ішінен теуіп, жұдырықпен ұрған, деп хабарлайды Democrat.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Холодный ключ» ықшамауданына нәрестеммен емханаға келдім. Қабылдаудан кейін дәлізге шыққанымда бір топ баланы көрдім. Басында ойнап жүр екен деп ойладым. Көзім дұрыс көрмегендіктен, телефонымның камерасымен жақындатып қарағанымда қыз баланы ішінен теуіп, жұдырықтап жатқандарын көрдім. Мен әрекет еткенше, тек бір сәтті түсіріп үлгердім, — дейді тұрғындардың бірі.

Полиция департаментінің дерегінше, жанжал № 48 мектеп оқушылары арасында болған. Салдарынан сегізінші сынып оқушысы соққыға жығылып, жапа шекті.

Аталған ықшамаудандағы балалар алаңында 3-сынып оқушысы мен 8-сынып оқушысының арасында жанжал болды. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 8-сынып оқушысының заңды өкілдері арыз жазудан бас тартып, екінші тарапқа шағымдарының жоқ екенін білдірді, — дейді Абай облысы Полиция департаменті. 

Барлық жаңалықтар