"Менің жаназамды шығармаңдар!" деп мәлімдеді Фатима Байбақты

"Менің жаназамды шығармаңдар!" деп мәлімдеді Фатима Байбақты

Блогер Фатима Байбақты өзіне қырғидай тиісіп жатқан діндарларға жауап беріп, маңызды мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. 

"Маған күн сайын "дінді, имамдарды жамандайсың, олай болса, сен өлгенде жаназаң шығарылмасын" деп жазатындар көп. Соларға осы жерден жауап берейін, мен өлгенде жаназамды шығармаңдар!

Жаназа шығару қаншалықты пайдалы? Қаншалықты маңызды? Сүрген өмірімде айналам мен қоғамға, ұлтқа адал болсам, ешкімге қиянатым болмаса, құдай үшін мен өлгенде арабша айтылатын "иләхи, биләхи, силәхи" деген сөздер маңызды ма? 

Менің сүрген өмірімнің мәні жаназаға тіреліп тұрған жоқ. Өмірді нағыз адамға лайық сүріп, өлгенде жаназаң оқылмаса, аллаң соған мән беретін болғаны ма?" Деген Фатима Байбақты ағайындарына "жаназамды оқымаңдар" деп ескертті. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар