Мешітте қызға тиіскен еркек туралы тағы бір сұмдық шындық мәлім болды

Мешітте қызға тиіскен еркек туралы тағы бір сұмдық шындық мәлім болды

Ақтөбедегі мешітте намазхан қызға "уақытша неке қиюды" ұсынып, сотты болған еркекке қатысты тағы бір дерек пайда болды деп жазады Democrat.kz.

Қоғамда дау тудырған оқиғаға қатысты кейбіреулер еркектің "психикалық ауытқулары болған" деп діндар жігітті ақтап алуға барынша жанталасып жатқаны мәлім. 

Сондай жанталасудың бірі әлеуметтік желіде тараған бір видеода да байқалады. "Қараңдар, ол еркек бұрын да "сау еместің" тірлігін жасаған" дегенге саятын видео тараған еді. 

Әйтсе де, осы видеоның астына Наркенже атты желі қолданушы "Менің туысқан інім, қалай дінге қатты кірді психический ауру боп қалды, дінге қатты берілмеңдер.Не нәрсе мөлшерінен асса уға айналады" деп жазды. 

Наркенженің осы жасбасына 50-60-қа жуық кісі пікір жазып, "дінге келмей тұрып та інің жынды болған" дегенді дәлелдей алмай, қырылысып, айтысып жатыр. 

Барлық жаңалықтар