"Мешіттегі масқара": Блогер қыз өзіне қысым жасалып жатқанын айтты

"Мешіттегі масқара": Блогер қыз өзіне қысым жасалып жатқанын айтты

Ақтөбеде мешітте бейтаныс еркек "уақытша неке" ұсынды деген кыз қысымға ұшырағанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қыздың айтуынша, оқиға туралы әлеуметтік желіде жазбасын жариялағаннан кейін белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоқы көре бастаған.

«Кешелі бері тыныш жүре алмай қалдым. Белгісіз нөмірлер хабарласып жатыр. Түнгі сағат 3-те үйдің терезесінің алдына біреулер келіп, сыртқа шық деп айқайлады. Шынымды айтсам, қорқып отырмын», – деп жазды бойжеткен парақшасында.

Ол бұл жағдайға байланысты тиісті органдарға жүгінетінін айтқан.

Барлық жаңалықтар