"Миллион" тобы композитор Марат Омаровтан кешірім сұрады

"Миллион" тобы композитор Марат Омаровтан кешірім сұрады

"Миллион" тобы әлеуметтік желіде танымал композитор Марат Омаровтан кешірім сұрап видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Құрметті, Марат Омаров көке, бізді кешіріңізші! Сіздің "Анашым" әніңізді біз білместікпен Кореяда түсірген фильмімізде сіздің рұқсатыңызсыз орындап едік. Сіздің ол әнді басқалар орындамасын деген тыйымыңызды білмедік" деді Қанат Тасхан. 

Әйтсе де, Қанаттың әріптестері "Марат Омаров бізге емес, Нұрлан Өнербаевқа тыйым салды ғой?"деп қалды. 

"Олай болса, біз шетелде Марат көкенің әнін жарнамалап жүрміз ғой, иә" деп қорытты. (Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар