Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы еркектерге сұрақ қойды деп жазады Democrat.kz.
"Ерлерге сұрақ: неге, біздің қоғамда көп еркектер әйелімен ажырасқанда, балаларымен қоса ажырасады? Яғни, балаларына келмейді, іздемейді де? Бағуды айтпай ақ қойдым…
Есеймеген ренжулі ерлер көп екен. Дегенмен, адекватты пікір білдіріп, нақты сұраққа - эмоциясыз нақты жауап беріп отырған ер азаматтар да баршылық екен! Рақмет!"деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Әншінің бұл сауалына төмендегідей жауап жазған жігіттер бар:
"Саламатсыз, сұрағыңыз өте орынды, менің ажырасқаныма 14 жыл болды, үлкен қызым 6 жаста еді кішісі 1.5 жаста еді, ажырасқалы қыздарымды бір увқыттқа да ұмытқан емеспін, шешесінің істемегені жоқ, бірақ бәрін талқылай бермеймін, екі жылдан соң тағы көрейік деді, мен тұра алмадым, бірақ екі қыздың барлық расходы менің мойнымда, қазір үлкенім 20 да кіші қызым 16 да енем 70 жас тойына шақырды құдалармен шығарып сөз берді куйеу балары ұл қыздарымен емес, қыздардың мамасының сыңары бар екеуі 45 жас тойларына шақырды ол жаққа да бардым сөзімді айтып сыйлықтарын беріп қайттым, кезінде менің де шешем айтқан мен екі қызды демалыстарда тасып қыдыртып киіндіріп жүргенде, кеткен қатының баларын неге тасып жүрсің еркек басыңмен деген, сонда мен кетсе қатын кетті, ал қыздар менікі, менің жаным да тәнім осы қыздар дегенмін, қазір қыздарым ерке 20/16 келіп тұрсада үлкенім қытайға барып оқып сертификатын алып келді мен үшін бұл мақтаныш".
"Ажырасқанда баланы әкесіне тастап кетіңдер. Алимент төлеп, аптасына 2-3 рет көріп, айына 1 рет алып кетіп тұрсақ болады. Басқа уақытта бала әулетінде өссін. Күшті ғо. Мен қолдаймын. 4 балам бар. Күйеуім де бар"
"Ерлерге тіл тигізу оңай, бірақ шындық басқаша. Көп еркектер баласын тастап кеткісі келмейді — оларды жағдай мәжбүрлейді.Біздің қоғамда ажырасқанда бала автоматты түрде анасына беріледі, әкеге тек «қонақ» сияқты статус қалады. Кездесу уақыты шектеледі, әр қадам бақылауда, телефонмен ғана сөйлесу керек, ал кейбір аналар кек алып, баланы әкеге көрсетпеуді «құрал» етеді.Сот жүйесінде де әкенің құқығы көбіне ескерілмейді. Айқай шықса – еркек кінәлі, алиментке кешіксе – тағы еркек кінәлі".