Әлеуметтік желіде кіреберіске төселген кілемшеге аяғын сүрткен қыздың әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде "Адам Смит" атымен ашылған парақшада үйдің креберісіне төселген кілемшедегі Назарбаевтың суреті мен сол кілемшеге аяғын сүрткен кішкентай қыздың әрекеті талқыға түсті.
Видеода келіншек: "Кіреберісте мынадай кілемше төсеп қойыпты. Бұған аяқты сүртіп кіру керек пе?" Дейді.
Видеоға қатысты жұрттың пікірі түрліше болды. Бір тарап "өте дұрыс", "аяқпен таптап кіру керек" дегенге саятын пікір жазса, келесі тарап "қанша дегенмен, қандай болса да, адамның бейнесін бұлай аяқтың астына тастау дұрыс емес", "мың жерден жамандасаңдар да, Назарбаев қазақ тарихында президент деген атпен қалады" дегенге саятын пікірлер жазуда.