Өз арманын айтқан Аятжан Ахметжанұлы билікке ұсыныс жасады

Өз арманын айтқан Аятжан Ахметжанұлы билікке ұсыныс жасады

Танымал педагог Аятжан Ахметжан әлеуметтік желідегі парақшасында 

Үйдің үлкені артындағы іні-қарындасын сүйреп, ағалық көрсетіп жүреді ғой көбінде.

Ал мен – кенжесімін. Бірақ әулеттен атажұртым – Қазақстанға келген алғашқы баламын. Сондықтан елге келгендегі ең үлкен арман-мақсатымның бірі өзімді дамытып, жетілдіру емес, артымдағы жұртты елге тарту болды.

Алғаш рет осыдан 12-13 жыл бұрын пәтер жалдап, көшіп-қонып жүргенде үйдегілерді көндіріп, алғашқы қарындасымды әкеліп оқыттым. 2016 жылы Еуразия ұлттық университетіне грантқа түсті. Өзім оқуға түскен кезімнен де артық қуандым. Себебі арттағы ағаларым енді сеніп балаларын маған беретін болды, жіберетін болды деп ойладым. 2019 жылы қарындасымды әке боп қолымнан ұзаттым.
Одан кейін ағамның ұлын әкелдім. Ол da қолымда оқып, Назарбаев университетіне түсті. Қазір оқуын бітіріп, жұмысын істеп жүр.

Одан кейін тағы бір қызды әкелдім, ол былтыр Еуразия ұлттық университетіне математика пәні мұғалімі мамандығына түсті.

Биыл – екінші курс. Содан ағаларым, әпкелерім бүкіл балаларын маған сеніп елге аттандырды. Әкем де немерелеріне бас-көз болайын деп келіп, азаматтық алып, ортамызды толтырды.

Әрқайсысы мектеп бітіргенде «Ойбай-ау, ағаларыма ұятты болмасам екен, осылар оқуға түсіп кетсе екен» деп алаңдаймын. 

2027 жылы – тағы бір ағамның қызы, 2028 жылы – тағы бір ағамның қызы, ал 2029 жылы – өз қызым оқу бітіреді. Солай өмір жалғаса береді екен.

Солай, бір әулетті ақырындап елге тасып жүрген бір тірлік бар. Бұл да – азаматтық парыздың бірі ғой, «елге ел қосылса – құт». Бірақ соңғы жылдары көші-қон саласында дa іркілу бар, азаматтық алу, тұрақтап қалу қиындап барады. Бүгінгі сайлаудан соң бірінші шешілетін түйін сол болса екен деймін.

Солай, ағайын, ұлымыз ұлағатты, қызмыз инабатты болсын!

Өскемендік ағайын, орталарыңызға Сұңғыла деген қарындасымды әкелдім. Төрт жыл дұрыстап қарап қойыңыздар", - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы. 

Барлық жаңалықтар