Журналист, баспагер Шыңғыс Мұқан аралас мектепке қатысты пікірін білдіріп, ондай мектептен баланың таза қазақ болып шығатынына күмән білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Аралас мектеп деген болмайды екен.Кіші ұлымыз аралас жеке мектепке барады. Бүгінгі Шырша, ара-тұра қазақша айтылған репликаны қоспағанда, толық орысша өтті.Аралас мектеп дегенің — орыстан қатын алған қазақтың орысша сөйлейтін отбасы секілді екен"деп жазды Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның жазбасына қатысты жұрт төмендегідей пікірлерін ортаға салды:
"100%%%% мен аралас мектепте істегенмін Астанадағы. Менде орыс сыныбы болды жетекшілігімде. Сыныпқа қарама-қарсы кабинетте қазақ сынып болды.
Екі сынып күнде көз атыс, ұрыс-төбелес. Не үшін?! Тәкаппарлық, топастық. Санасу!!! Сол екі сыныпта да қазақтың Қаракөз балалары!!!
Орыс сынып қазақ сыныпты менсінбейді. Олар тағы көрші болған үй ауласында да. Бір-біріне ЖАУ ЕТЕДІ ОСЫЛАЙ АРАЛАС МЕКТЕП ЖАСАП"