Премьер-министр энергетика және ТКШ саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр энергетика және ТКШ саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

Үкімет отырысында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және салаға қажетті білікті кадрлар даярлау мәселелері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті деп хабарлайды Democrat. kz. 

«Мемлекет басшысы жаңа электр станциялары мен электр желілерін салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту, сондай-ақ “таза” көмір генерациясы мен жаңартылатын энергетиканы толыққанды дамыту қажеттігін әрдайым атап өтуде. Энергия нысандарын жөндеу мен жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп жатыр.
Президент халыққа Жолдауында білікті энергетик мамандарды даярлау ісіне баса мән берді.
Бұл орайда кәсіби мамандардың сабақтастығын қамтамасыз ету, практикалық құзыреттерді дамыту, әсіресе атом энергетикасының дамуын ескере отырып, саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыру қажет»,


— деп атап өтті Олжас Бектенов

Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Энергетика министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергетика және жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Барлық жаңалықтар