Үкіметте жылу беру маусымының барысы қаралуда

Үкіметте жылу беру маусымының барысы қаралуда

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстандағы жылыту маусымына қатысты мәселелер қаралуда деп хабарлайды Democrat. kz. 

Үкімет үйінде Олжас Бектеновтің төрағалығымен жылу беру маусымының барысы қаралуда. 

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергетика нысандарын салу, инженерлік желілер мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту – осы ауқымды жұмыстың негізгі бағыттарының бірі», 

— деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту – осы ауқымды жұмыстың негізгі бағыттарының бірі — Олжас Бектенов

Энергетика министрлігінің мәліметінше, тұтынушылар жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Электр стансаларында 8 энергия блок, 49 қазандық және 37 турбина жөнделді, сондай-ақ 17,1 мың шақырым электр желілері, 444 қосалқы станса және 377 шақырым жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Барлық жаңалықтар