Қазақстанда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде — Ерлан Ақкенженов

Қазақстанда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде — Ерлан Ақкенженов

Үкімет үйінде Олжас Бектеновтің төрағалығымен жылу беру маусымының барысы қаралуда деп хабарлайды Democrat. kz. 

Жылыту маусымына дайындық аясында еліміздің электр стансаларында 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбинаға жөндеу жұмыстары аяқталды. Өңірлік электр желілерінде 17,1 мың шақырым электр беру желілері мен 444 қосалқы станса жөнделді. Сондай-ақ 377 шақырым жылу желілеріндегі жұмыстар толығымен аяқталды. Технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылады.

«Аталған жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі орта есеппен 27%-ға  ұлғайтылғанын атап өткен жөн.  Нәтижесінде электр стансаларының тозу деңгейі 52%-ға дейін, электр және жылу желілерінің тозу деңгейі тиісінше 65,7% және 48%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны орта есеппен 6%-ға азайды»,


— деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 10 айында электр энергиясын өндіру көлемі 102 млрд. кВт·сағатты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3%-ға жоғары.

Барлық жаңалықтар