Пышақталған шымкенттік қыздың ағасы мәлімдеме жасады

Пышақталған шымкенттік қыздың ағасы мәлімдеме жасады

Шымкентте кісі қолынан қайтыс болған  қыздың ағасы Сұлтан Серікбай мән-жайды айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. 

Сұлтан Серікбай Threads желісіндегі парақшасында:

“Шынымызды айтсақ қан жылап отырмыз. Әр жаңалықты оқып отырамыз. Қолдау көрсетіп отырған жандарға рақмет айтамыз. Қазір қолымыздан сол (“адамға” деген сөзді айтуға қимай отырмын) ең жоғары жазаны беру ғана келеді. Қысқаша айтқанда қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. “Жоқ” деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған”, – деп жазды ол. 

Сондай-ақ марқұмның ағасы көпшіліктен қолдау білдіруді сұрады.

“Бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, қолдауларыңызды сұраймыз (әділ шешім шығаруға). Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды. Өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. “Сот процесі” әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін”, – деп жазды ол. 

Барлық жаңалықтар