13 қарашада Жезқазғанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және еңбек адамдарының кәсіби жетістігін дәріптеуге бағытталған «Парыз–2026» және «Еңбек жолы» байқауларының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері болды деп хабарлайды Democrat.kz.
Қазақмыс ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында өткен «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымындағы ең басты марапатты жеңіп алды.
Салтанатты рәсім барысында корпорацияның Ұлытау облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Әсіресе, 2025 жылы Жезқазған қаласында ашылған «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне ерекше назар аударылды. Аталған нысан өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік жоба деп танылды.
Сонымен қатар Қазақмыстың Кенгір су қоймасының жағалауын қайта жаңғырту, «Жастар» саябағын абаттандыру, Ұлытау университетінің инфрақұрылымын дамыту және «Намыс» спорт академиясын салу сияқты қазіргі таңда жүзеге асырып жатқан бастамалары ерекше назарға алынды.
Бұдан бөлек, байқау қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері марапатқа ие болды.
«Парыз–2026» байқауы:
🔹«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз;
🔹«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша жеңімпаз;
🔹«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша алғыс хат;
🔹«Kazakhmys Smelting» ЖШС – «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» аталымы бойынша алғыс хат;
🔹«Адал Еңбек» ЖШС – «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша алғыс хат.
«Еңбек жолы» байқауы:
🔹Жанқоразовтар еңбек әулеті (Сәтбаев қаласы) – «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша бірінші орын. Үш буыннан тұратын әулеттің 13 өкілінің жалпы еңбек өтілі – 366 жыл;
🔹Дәурен Тілекен, «Жыланды» кеніші «Қарашошақ» шахтасы учаске басшысының орынбасары – «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша бірінші орын;
🔹Серік Кеңесов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының Өңірлік бірыңғай қойма шаруашылығы № 2 базасының тиегіш машинасының жүргізушісі – «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша Ұлытау облысы әкімінің алғыс хаты.
Қазақмыс «Парыз–2026» өңірлік байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды
Фото "Қазақмыс".
-
«Күндіз сабақ береді, түнде бала іздейді»: Мұғалімдерді рейдке шығаруды кім тоқтатады?15:00, 14 қараша 2026
104
-
-
«Комиссия келді» деп шай дайындағандар: Мектептегі тексерісті әжуалаған жазба жұртты күлдірді14:00, 14 қараша 2026
183
-
«Мұғалімдер қорқады»: Министрлік өкілі педагогтерге үндеу жасады13:00, 14 қараша 2026
222
-
«Буллинг мұғалімнің үнсіздігінен басталады!»: Оқушылардың қорлығына ұстаздардың өзі жол бере ме?12:00, 14 қараша 2026
176
-
"Бітпейтін платформалар": Енді ата-аналар наразылық білдіруде11:00, 14 қараша 2026
134
-
«Тиімді үзіліс» деген кімге керек? Мұғалім министрдің саясатын сынға алды10:00, 14 қараша 2026
177
-
"Сабақ бермегендер қаржысын қашан қайтарады?" деп белсенді ұстаз сұрау салды09:00, 14 қараша 2026
270
-
Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр18:00, 13 қараша 2026
93
-
Stadler пойыз вагондарын жеткізу мерзімін сегіз айға кешіктірді17:30, 13 қараша 2026
88
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты11:00, 18 қыркүйек 2026
6439
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты13:00, 17 қыркүйек 2026
6178
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады14:00, 02 қыркүйек 2026
4832
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда10:00, 10 қыркүйек 2026
4745
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
3681
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады10:00, 15 қазан 2026
3442
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты15:00, 15 қыркүйек 2026
3394
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты15:00, 24 тамыз 2026
3279
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады15:00, 10 қыркүйек 2026
3064
-
«Тоқтатпаңдар!»: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады09:00, 12 қараша 2026
3006