Қазақстанда адам есімдері жиі қайталанатыны қалыпты жағдай. Алайда елімізде ешкімде жоқ, ерекше есімді азамат бар екен деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде "ұл болсын" деген ниетпен атын "Ұлбөбек" деп атағанын жариялаған қызымыз жұрттың назары оның емес, әкесінің атына түсетінін білмесе керек.
Threads желісінде құжаттағы аты мен тегінің суретін жариялаған Ұлбөбектің әкесінің аты "Қазақ -Ата -Қазы" елді қатты таңғалдырды.
"Әкеңіздің аты расымен осындай ма?", "бірінші рет мынадай атты көріп тұрмын", "Қазақстанда мұндай аты бар адам жоқ шығар" деп жұрт пікір жазуда.
Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.
