Депутат киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер туралы: Ұлттық құндылықтарды мазақ ету қылмыстық әрекет деп танылуы керек, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне киіз үйде түсірілген видеоға қатысты сауап жолдап, құқықтық баға беруді сұрады. Оның сөзінше, киіз үй – бабадан қалған ең қастерлі мұрамыздың бірі еді. Сан ғасыр бойы хандарымызға еңсесі биік ақ орда, халқымызға құт ұялаған баспана болған сол киіз үйге және басқа да құныдылықтарымызға ақпараттық шабуыл да басталды. “Күні кеше оюлаған киіз үйде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаштанып, ойқастаған үшеудің әлеуметтік желіні шарлаған бейнеролигі иісі қазақтың ашу-ызасын тудырып отыр. Халықтың бұған наразылығы әбден орынды. Ең аяулы дүниеңді аяққа таптаса, ұлттық киіммен жалаңаштанса, төріңде әуретін ашып тайраңдаса, бұл бүкіл ұлтты, елімізді қорлаумен пара-пар деп есептейміз. Бұл теріс ниеттілердің алдын ала жете ойластырып, қазақы дүниені, ұлттық құндылықтарды құнсыздандыруға, мазақ етуге бағытталған қасақана әрекет деп есептейміз. Тал түсте төрімізде тайраңдағаны нағыз басынғандық”, – деді депутат. Мәжілісмен бұл әрекетті өскелең буынды өз ұлттық құндылықтарынан жеріндіру әрекеті деп атады. Таяуда қоғам белсенділері ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялаған еді. Небәрі 2 аптада осы талапты қолдап, 50 мың қол жиналды. “Бұл – ЛГБТ-нің елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс екенінің, оған халықтың ашық қарсылығының анық көрінісі. Алда өтетін петиция қорытындысын қарау отырысына қоғам белсенділерін, ұлт жанашырларын белсене қатысуға шақырамын. Бұдан былай ұлттық құндылықтарымыз – домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді асыл жәдігерлерімізді қандай да теріс мақсатта пайдалану, мазақ ету, ұлт намысына қол сұғу ұлттың беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, қылмыстық жауаптылықпен жазалануға тиіс”, – деді Самат Мұсабаев. Ол Бас прокуратурадан, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен аталған бейнеролик бойынша құқықтық баға беріп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұрады. “Бас прокуратурадан, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен аталған бейнеролик бойынша құқықтық баға беріп, оған қатысты нақты шара қолдануды сұраймыз. Ата дәстүрімізге қол сұғу – ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіру, ұлттық құндылықтарды түбірімен жоюмен тепе-тең. Қазақ – домбыра, қазақ – ұлттық дәстүр, қазақ – киіз үй, ою, ұлттық киім. Осының әрбіріне жасалған қастандық біз үшін ауыр қылмыспен тең”, – деді депутат. Айта кетейік, бұған дейін желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тараған еді. Кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева видеосына қатысты пікір білдіріп, қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүріне қайшы келетінін айтқан еді. Фото: Stan.kz.-
Ормуз бұғазында кемелерге жасалған шабуылдар көбейді18:00, 12 қараша 2026
66
-
Жапонияның Жоғарғы соты 2025 жылғы сайлауды конституцияға қайшы деп таныды17:30, 12 қараша 2026
60
-
Испанияда тұрғын үй бағасына қарсы төрт миллион адам ереуілге шықты17:00, 12 қараша 2026
65
-
98,6 мың адам банкрот деп танылды: қарыз көлемі 373 миллиард теңгеге жетті16:30, 12 қараша 2026
61
-
Халықаралық жүк тасымалының электронды құжаттары заң жүзінде бекітілмек16:00, 12 қараша 2026
69
-
Энергия сақтайтын жүйелерді өндіру басталды15:30, 12 қараша 2026
74
-
Ғылым саласында 51 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды15:00, 12 қараша 2026
95
-
Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді14:30, 12 қараша 2026
85
-
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды14:00, 12 қараша 2026
84
-
"Шаршатқан сынып жетекшілігі": Министрліктің мәселеге қатысты жауабы қандай?13:45, 12 қараша 2026
176
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты11:00, 18 қыркүйек 2026
6377
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты13:00, 17 қыркүйек 2026
6141
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады14:00, 02 қыркүйек 2026
4795
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда10:00, 10 қыркүйек 2026
4687
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
3609
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады10:00, 15 қазан 2026
3363
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты15:00, 15 қыркүйек 2026
3321
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты15:00, 24 тамыз 2026
3231
-
"Сағатқа талас басталды": Әрбір мұғалім білуге тиіс негізгі ережелер мен құқықтар12:00, 06 тамыз 2026
3207
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады15:00, 10 қыркүйек 2026
3035