Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова таяуда шетелге кететінін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында "кетейін деп жатқанын" айтқан Жұлдыз оқырмандарына жұмбақ жасырды.
"Қай елге кеткелі жатырмын, қалай ойлайсыз?" Деген сауал қойды. Оқырмандары түрлі елдерді атап, болжам жасады.
Бірі Америка десе, енді бірі Сирия депті. Сторисінде соларға жауап берген Жұлдыз таяуда Жапонияға кеткелі жатқанын айтты.




