Танымал әзілкеш өзін зорлаған ағасы туралы барлық шындықты жайып салды

Танымал әзілкеш өзін зорлаған ағасы туралы барлық шындықты жайып салды

Танымал стендап-комик Анар Бекет әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, балалық шағында жыныстық зорлық құрбаны болғанын айтты деп жазады Democrat.kz.  

“Менің атым Анар және бұл – шынайы оқиға. Мен Павлодарда, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем электрик болып жұмыс істеді, анам үй шаруасындағы әйел еді.

Ол тоқсаныншы жылдар болатын. Ата-анам бізді асырау үшін барын салды, сондықтан мені жиі әкемнің ата-анасына – әжем мен атама қалдыратын”, деген Анар Бекет осындай күндердің бірінде ата-әжесі де аз уақытқа кетіп қалғанда, жанында қалған немере ағасы оны зорлаған.

“Мен ашық-жарқын, белсенді бала болдым, бірақ жиі ауыратынмын, сол себепті балабақшаға бармадым. Бірде әжем мен атам шаруамен шығып кеткенде, мені үйде немере ағаммен қалдырды. Ол 17 жас, ал мен өте кішкентай болып, ештеңені түсінбейтінмін. Дәл сол уақытта ата-анам мені балалар гинекологына апарды, өйткені жарақаттардан ақ сұйық бөлініп, ауырсынулар пайда болған еді. Сондай-ақ мен сол немере ағамның заттарын ұрламақ болып ұстап қалғанда қатты ұрыс естігенімді де есімде сақтап қалдым. Қазір барлық фактілерді салыстыра отырып, мұның балалық кек болғанын түсінемін. Бұл – оның маған жасаған қорлығына қарсы санадан тыс қарсылық”, – деді ол.

 

“Барлық ата-анаға үн қатқым келеді. Балаларыңыздың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске бейжай қарамаңыздар. Оларды мұқият тыңдаңыздар. Ең бастысы – бес жасар баланы оның толық қауіпсіздігіне сенімсіз қалдырмай, ешқашан және ешкіммен жалғыз қалдырмаңыздар”, – деді ол.

 

Барлық жаңалықтар