Желіде Тоты атымен танылған хейрстилист жұмыс барысында талай отбасының қызығы мен шыжығына куә болып жүргенін жеткізді, деп жазады Democrat.kz.
«Маған көп еркектер шашын қидыруға келген кезде қыздарға баратынын айтып қояды. Маған олардың әйелдері де келіп тұрады. Сол кездерде қиналамын. Себебі күйеулерінің не істеп жүргенін білемін, бірақ әйеліне айта алмаймын.
Отбасының арасына түспеу үшін ондай кезде құпияны сақтап қаламын. Еркектерге ондай суыт жүрістерін қою керек. Егер менің күйеуім сондай болса, шыдамас едім» – деді шаш маманы, жүрісі көп еркектердің әрекетін әшкерелей.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)