Бірнеше күндік демалыста қазақстандық әлеуметтік желілерде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова туралы бір ақпарат қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде Али Төлеубекұлы атымен тіркелген желі қолданушы Түркістан облысы, Ордабасы аудандық Білім бөліміне жаңадан тағайындалған басшы Гүлнұр Сүлейменова Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қайынбикесі деген жазба жариялаған еді.
Осы жазбаға қатысты ақпараттың рас -өтірігіне көз жеткізбесе де, қазіргі министрге қыжылы барлар бірден сыни пікірлерді боратып жазуды бастады.
Желідегі бұл пікірталасқа қатысты танымал журналист Мөлдір Нұрман: "Ордабасы ауданына жаңадан тағайындалған Гүлнұр Сүлейменованың, Министр Жұлдыз Сүлейменоваға туыстық қатысы жоқ!
Екеуі де мықты, білім саласына еңбегі сіңген, білім беру ісінің барлық баспалдағынан өткен, сөйтіп жетістікке өз білімі және еңбектерімен жеткен. Біреулер сияқты топ ете қалмаған, әркімге сүйеніп.Білім Басқармасы байқаудың ашық әрі әділ өткенін, ресми мәлімдеген. Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді деген. Ашық байқауда ашық жеңіске жетсе өз білімен жеткен. Президент тапсырмасы биліктің әр тармағы мен барлық саланы адал әрі әділ азаматтармен толықтыру. Так что екеуі де адал маман! Бірін Президент министр етсе, екіншісін Құдай аудандық білім бөліміне басшы қылған, Шүкіршілік!
Қию келмесе де қыстырып әуре болмаңдар, еу! Қыз балалардың бағын қызғанып жатқан пейілі тарлар іштерің күйсе тұз жалаңдар, если че айтыңдар бір қап қызыл бұрыш салып жіберемін! Успокойтесь, кім болса да!
Ал, анау боқблогерлер оттамай жайларына жүрсін, мектептерді тіміскілеп, білім бөлімдерін шұқылай бермесін! Мектеп сендерге бопсалайтын банк емес, балалар тәрбиеленетін осал топқа жататын мекеме. Кім біледі, тексереміз деп у беріп кетсе ше, арасында сотталғандары балаларды зорлап кетсе ше, кім жауап береді? Мектептерге боқ терген блогерлерді мүлде жолатпаңдар, білім бөлімдеріне де.
Тем более балаларды ас-ауқатпен қамтамасыз ету кәсіпкерлердің ісі, тендерді ұтып алатын.
Тартыңдар қолдарыңды, кім болсаңдар да Сүлейменовалардан! Екеуі де білім беру қызметінің мықты мамандары.
Кім біреуді кетіруге әрекет етсе, өздері қызметсіз қалады! Байқаудан жеңіліп қалғандар болса да, министрдің етегінен тартып жатқандар болса да қазған орларына өздері түсетінін ұмытпасын!
Мен Президенттің Адал азамат позициясын қолдаймын, арамыларды емес көксегені тек қызмет болған!"деп
жазды.