Шымкентте өткен концертінде жиналған көрермен тапталып, оның ақыры қылмыстық іс ашылуына себеп болған әнші Қайрат Нұртастың әлеуметтік желіде дөрекілеу дыбыстық жазбасы тарады деп жазады Democrat.kz.
Танымал блогер Айғали Тойжан Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертіне жианлағн, сол жерде шу шығарып, бірін-бірін таптаған жастарға арнап үндеу жасап, басы дауға қалды. Жекесіне әнші дыбыстық хабарлама жіберіп, боқтағанын айтқан блогер ренішін жасырмады.
"Жастар арзан ойын-сауық қумай, бір қолына горилла, бір қолына темекі ұстап, бұзылмай, білімге, мектепке осылай жүгіріп, осылай таласса ғой", - деп өкінішін білдірген блогердің жазбасының астына "онда шетел әншілеріне барып жүребериндер" деп пікір қалдырған kair_n аккаунты кейінірек блогердің жекесіне шығыпты.
Айғали Тойжанның жекесіне дыбыстық хабарлама жолдаған Қайрат Нұртас: "Бауырым, тіліңе ие болып жүрсейші! Менің әндерімді тыңдап өскен қаншама адам бар. Таласса, мен үшін келіп таласып жатыр. Кітап-мітап демей, бауырым, өзің бір кітапты қатты оқыған адамдай... тіліңе ие бол сен, мақұл ма",- деген.
Әнші Қайрат Нұртастың дауысын жазбай таныған жұрттың бір тарабы "жарайсың, өтедұрыс!" дейтін, енді бір тарап "масқара, неткен көкіректік, мынау не сөз" деп таңғалған пікірлер жазуда.