Тойда отырып еңіреп жылаған блогер сынға қалды

Тойда отырып еңіреп жылаған блогер сынға қалды

Желіде атышулы “Қалаулым” бағдарламасының бұрынғы қатысушысы, блогер Ақжарқын Жомартова тойында ағыл-тегіл жылап отырған сәтінің видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Жақында Ақжарқын Жомартова күйеуге шыққан еді, ал тойда түсірілген видео оның жеке парақшасында жарияланды. Видео қазірдің өзінде 2,7 миллион қаралым жинаған. 

Блогердің әкесі жарты жыл бұрын өмірден озған. Қызы оның видео қалдырғанын той үстінде білген екен. Кадрларда әкесі “Дос-Мұқасан” әнін қызына арнайды, жүрекжарды тілегін білдіріп, әкелік батасын береді. Сондай-ақ олардың бірге өткізген жылы сәттері бейнеледі.

“Әке. Соңғы видео жайла білмегенмін! Өзімді әрең ұстадым. Сағындым сізді”, – деп жазған ол.

Барлық жаңалықтар