Тұрсынбек пен тоқалының тағы бір масқара дерегі шықты

Тұрсынбек пен тоқалының тағы бір масқара дерегі шықты
Қоғам белсендісі Шынар Құрманғалиева әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовқа қатысты сұмдық бір ақапаратты жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Шынар Құрманғалиева өзінің парақшасында: "Өсек ол расталмаған, көбіне жағымсыз мазмұндағы әңгімені басқаға жеткізу.
 
Неге «өсек жазып кеттіңіз» дегендерге жауабым: Тұрсынбек 14 жыл бойы тек Мөлдірді, балаларын ғана емес, халықты да алдап келіпті. Бәрі табынды, идеал көрді.
 
Бәріміз үйінде қонағы үзілмейтін отағасы, адал жар, қамқор әке деп ойладық. Сөйтсек, ол өзінің кезекті скетчтерін ойнап жүр екен.
 
Бұл әрекетін кей еркектер «өсек» деп жатыр. Бұл Мөлдірдің аузымен расталған ақпарат.
 
Осыдан кейін Тұрсынбек сахнада қандай тақырып қозғайды екен деген сұрақ мазалайды мені. Ел бойынша турын да жариялап қойыпты.
 
Ал сіз қалай ойлайсыз, Тұрсынбек енді сахнаға шығып, мықынын көтеріп қойып қандай тақырыпта сөйлейді?"деп сауал тастап, төмендегі скринді жариялады. 
Барлық жаңалықтар