Тұрсынбектің қызы сұмдық видео жариялап, жұртты жылатты

Тұрсынбектің қызы сұмдық видео жариялап, жұртты жылатты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен байланысы туралы жазба жариялап, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айта бастайды. Бірақ ол мен үшін әрқашан ең жақсы әке болып қалады. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және ерекше бағалаймын. К

үйеу ретіндегі рөлінде, мүмкін, өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз «әке» атағына лайық.

Өйткені осы жылдар бойы өз махаббатын үнемі көрсетіп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік. Адамдардың оны жамандап жазған сөздерін оқу маған өте ауыр.

Себебі саған жақын адамды ренжіткенде, шынымен де жаның ауырады және бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», - деп жазған Айару Тұрсынбекқызы естелік видеосымен бөлісті. 

Оқырмандары Айарудың естелік видеосына қатысты "көңілім босап, жылап отырмын", "бәрінен де балаларға қиын болды" деп пікір жазуда.

 

Барлық жаңалықтар