"Уахабиттің көбі имам, молда болып алған" деген діндар сұмдық деректерді айтты

"Уахабиттің көбі имам, молда болып алған" деген діндар сұмдық деректерді айтты

Танымал діндар Мұхитдин Пәттеев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық уахабистер туралы сұмдық деректерді айтып, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Уахабистер деген кім деген сұраққа жауап берген діндар: "Уахабист деген жалпы әрбір қазақтың, әулиесін мойындамағандар — олар уахабист. Әрбір қазақтың «Қырқы, жетісі, бейсенбілік, жылы» дегендерді мойындамағандар — ұлы уахабист.

Әрбір уахабист — ол қазақтың жауы. Ол молда болуы мүмкін, ол ілім алған болуы мүмкін де, бірақ ібілісте де ілім алған ғой. Сондықтан олар қазақтың қас дұшпандары.

Құранда Алла Тағала айтады: «Ұлттығыңды мойындаңдар, ата-аналарыңды мойындаңдар, ата-бабаларыңды сыйлаңдар». Пайғамбарымызға Ибраһим пайғамбар туралы айтасың. Ал біздің ата-бабамыз бар, әулие болды, оның ар жағы пайғамбарлар болды ғой. Хазрет Адамнан Нұқ пайғамбардан келе жатқан, олар біздің ата-бабаларымыз.

Міне, жаңағыдай уахабист деп отырғанымыз — солар, солардың барлығы бүгінгі уахабистер  имам болып алған, молда болып алған. Сол тілмен жаңағыдай сізге айтып отыр ғой, жаңағыдай «жетісіне барма, қырқын жасама, үйде кісі өліп отыр, кісі өліп отырған адамға қырқын берме» деп отыр ғой, жаңағы имамдар.

Солар уахабистер, олар қазақтың нағыз қас жаулары. Ал біздің әулиелер, кесенелер, ұлағаттар болды. Қожа Ахмет Ясауи, имам Матуриди, Имам Матуриди, ақидадан айтқан нүкте тек қана алты ақидадан айтады, жеті ақидадан айтпайды, жеті сенімді.

Олардың барлығы уахабизмін жасырын насихаттайтындар ғой, дұшпандар. Олар —  сосын домбыраға да қарсы болады, олар сосын қазақтың дәстүріне де қарсы болады, киіз үйге де қарсы болады, бәріне ширк дейді. Сондықтан олардың барлығы дұшпан. Ата дұшпан — бұлар. Бұлар басында ашық айтады да, кейін жасырынға көшіп кетеді. Имам болып алды бұлардың көпшілігі жасырын", - деді. 

Барлық жаңалықтар