Алматыда ер адам балаға шабуыл жасаған

Алматыда ер адам балаға шабуыл жасаған

Алматыда балаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға балалар ойын алаңында болған. Ер адам балаларға жақындап келіп, олардың бірін итеріп жіберген. Салдарынан бала дене жарақатын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға балалар арасында ойын кезінде туындаған жанжал себеп болған.

Полицияның хабарлауынша, дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп полиция хабарламасында.
Барлық жаңалықтар