Нұрқожа Қайпанов Астанадағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы финал жолдамасын әперді. Ол жартылай финалда жапониялық Йошиносукэ Аоягиді жеңді, деп жазады Democrat.kz.
74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан жартылай финалдағы белдесуді 3:1 есебімен аяқтады. Алтын медаль үшін оның қарсыласы – ресейлік Иналбек Шериев.
Қайпанов финалға дейін төрт қарсыласынан басым түсті. Алдымен Косово өкілі Эгзон Хониді 10:0 есебімен жеңсе, кейін әзербайжандық Тұран Байрамовты 4:0 есебімен ұтты. Ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0 есебімен тізе бүктірді.
Tengri Sport жариялаған кестеде шешуші белдесу 1 қараша күні Қазақстан уақытымен 18:59-ға белгіленген. Трансляцияны Qazsport телеарнасынан көрсету жоспарланған.