Астанадағы әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер күресі құрамасы бір қола медаль еншіледі. Жалғыз жүлдені 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова жеңіп алды, деп жазады Democrat.kz.
28 қазанда үшінші орын үшін өткен белдесуде Баянова Беларусь өкілі Наталья Варакинаны 6:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық балуан жарысты өзбекстандық Ақтеңге Кеунимжаеваны жеңуден бастаған. Ширек финалда моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавтан басым түсті. Алайда жартылай финалда үндістандық Ниламға жол беріп, қола үшін күресуге мүмкіндік алды.
Баянова жуырда Жапонияда өткен Азия ойындарында да қола медаль иеленген еді.
Елордадағы чемпионатта Нилуфар Раимова, Жәмила Бақбергенова және Алтын Шағаева да үшінші орын үшін белдесті. Бірақ үшеуі де қарсыластарына есе жіберіп, құрама қоржынындағы жүлде санын арттыра алмады.
Facebook лиді: Өз жеріміздегі әлемдік дода талай үмітті сынады. Қыздарымыздың күресі қалай аяқталды?