Әлеуметтік желіде діни уағыздар айтумен танылып жүрген діндар Әлихан Тасмұхан өзі тұрып жатқан Атырауда сұмдық жағдайлар болып жатқанын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Атырауда қазір сұмдық нәрсе болып жатыр. Атыраудың жігіттері шетелдіктерден асып түсті. Олар 18-19 жастағы қызбен танысып, одан соң бір пәтерге апарып, жыныстық қатынасқа итермелейді.
Кейін болған нәрсенің бәрін видеоға түсіріп алып, қызды қорқытады. "Маған ақша беріп отырасың, бермесең видеоларды әлеуметтік желілерге жүктеймін" дейді.
Бұлар ұсталды кейін, бірақ қанша уақыттан бері қызды бопсалағаны белгісіз. Ең сорақысы бұл видеолардың кейбірін әлеуметтік желіге салып жіберіпті.
Сондай видеосы интернетке түскен қыздардың бірі енді өз өзін жоғалтып жүр, әке-шешесіне айтпаған, олар бәрі шыққан соң білген.
Менің айтарым, қыздар, жасырмаңыздар. Әке-шешелеріңізге айтыңыздар. Әкелерге айтарым, қыздарымызды тыйып ұстауымыз керек, әйтпесе білгенін істеп кетеді", деді Әлихан Тасмұхан.