"Барлық әйеліммен...": Әнші Марат Омаров ешкім білмейтін құпиясын ашты

"Барлық әйеліммен...": Әнші Марат Омаров ешкім білмейтін құпиясын ашты

Белгілі әнші әрі композитор Марат Омаров журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бірнеше рет шаңырақ көтергені және бұрынғы жұбайларымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Өнер иесі бұрынғы және қазіргі әйелдерімен сыйластығы сақталғанын жеткізіп, олардың ақылдылығы мен түсіністігін ерекше атап өткен. Композитордың жеке өміріне қатысты бұл әңгімесі көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Democrat.kz.

Танымал композитор Марат Омаров Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында шығармашылығымен қатар отбасылық өміріне де тоқталды.

Әнші бірнеше рет үйленгенін жасырмай, бұрынғы жұбайларымен арадағы байланысы туралы әңгімелеген.

Марат Омаровтың айтуынша, ол әйелдерінің барлығымен жақсы араласады. Композитор олардың әрқайсысымен сыйластық қарым-қатынас сақталғанын айтып, әйелдерінің түсіністігіне ризашылығын білдірген.

Осылайша, өнер иесі ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайларымен арадағы байланысты үзбегенін жеткізді.

Бірінші әйелі де оның бірнеше рет үйленгені туралы айтқан

Марат Омаровтың отбасылық өмірі бұған дейін де жұрт назарын аударған.

2020 жылы композитордың бірінші жұбайы Шаттық Назарова КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында сұхбат беріп, бұрынғы күйеуімен 11 жыл бірге тұрғанын баяндаған.

Олардың некесінен Зарина, Мадина және Азамат есімді үш бала дүниеге келген.

Шаттық Назарова сол сұхбатында Марат Омаровтың кейін тағы екі рет шаңырақ көтергенін айтқан. Сондай-ақ өзге некелерінен туған балаларымен де жақсы араласатынын жеткізген.

Ол бұрынғы күйеуінің отбасына қатысты мынадай пікір білдірген:

«Реніш те болды. Оның барлығы артта қалды, өтіп кетті. Мен рұқсатымды бердім. Екінші әйел алды. Одан бір қызы бар. Аты - Зүлфия», – деген Шаттық Назарова.

Бірінші жұбайы композитордың балаларына қамқорлық көрсетіп, отбасы алдындағы міндеттерін ұмытпағанын да атап өткен.

Жылдар өткен соң айтылған әңгіме

Арада бірнеше жыл өткеннен кейін Марат Омаровтың өзі Аман Тасығанға берген жаңа сұхбатында бұрынғы және қазіргі жұбайларымен қарым-қатынасы жақсы екенін мәлімдеді.

Оның бұл сөздері отбасылық өміріндегі өзгерістерге қарамастан, әйелдерімен сыйластықты сақтап қалғанын көрсетеді.

Барлық жаңалықтар