"Бұл - утопия!" деген Бурахан Дақанов дабыл қағып, үндеу жасады

"Бұл - утопия!" деген Бурахан Дақанов дабыл қағып, үндеу жасады
Қоғам белсендісі, "Оңтүстіктен Солтүстікке көш" мәселесімен айналысып жүрген, "TAUEKEL" ұйымының басшысы Бурахан Дақанов дабыл қағып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz. 
 
"Осы жылдан бастап елге келетін қандастардың саны күрт төмендейтін болды. Себебі, жаңа қабылданған заңнама бойынша, атамекенге оралған қазақ — елге қандас болып тіркелуі үшін міндетті түрде тест тапсыруы керек.
 
Тест, Қазақстан тарихы, Қазақстан конституция негіздері және Қазақ тілінен. Ана сұрақтарды оқып отырып, елдегі Қазақтардың өзі тапсыра алмайтын зат екенін түсініп отырмын.
 
Мысалы, Конституция негіздері бөлімінде мынадай сұрақ бар : Республика конституциясына сәйкес азаматтардың келесі құқықтары ешбір жағдайда шектелмеуі тиіс
А. Бірлесу бостандығы
B. Мемлекеттік істі басқаруға қатысу
С. Өмір сүру
D. Сайлау және сайлану еркіндігі
Ал, Қазақстан тарихы бөлімінде мынадай сұрақ бар: — 1992 жылы, 7 мамырда не құрылды?
A. Қазақ КСР қарулы күштері
B. ҚР Қорғаныс министірлігі
C. Қазақстан Халық ассамблея сы
D. Қазақ Автономилық Кеңестік Социалистік Республика қарулы күштері
 
Ал енді, Қазақ тілінен тест, кәдімгі көп сөйлемді жұмбақтар. Бір қызығы тест, Қазақ тілі, Орыс және Ағылшын тілінен ғана.
 
Яғни, кирилицамен латын әріптері. Жарайды, Моңғолия, Өзбекстан жақтан келгендерге кирилица таныс, олар оқып тұр. Бірақ жауаптарын білуі күмәнді. Енді елестетіңіз, Қытай, Иран, Ауғаныстан Қазақтарының әріп тануы мүлдем бөлек.
 
Демек... Жалпы.. Қазақстанда 10 жыл оқыған баланың өзі мына сұрақтарға жауап беруден қиналатын сұрақтарды енгізу кімге және не үшін қажет болуы мүмкін?
 
Оның үстіне, бір реттік тестің өту бағасы 9000 теңге, ал, жәй тексерілу үшін 3535 тенге. Тесттен бір құласаң, бір айдан кейін, одан құласаң 3 ай, одан құласаңыз 6 айдан кейін тапсырады екенсіз.
 
Шетелде, бөтен елде тұрып жатқан қандастарымыз сол елдің заңымен және сол елдің білім жүйесімен өмір сүреді. Олар келіп, бір екі айда Қазақстанның тарихын, конституцииясын, тілін, қаріпін терең меңгеріп кету деген зат — утопия!!!!
 
Жалпы, бұл мәселенің бер жағы, қандас қабылдау тәртібінде тағыда өзгерістер болып жатыр", деп жазды Бурахан Дақанов өзінің парақшасында. 
Барлық жаңалықтар