Депутат Ермұрат Бапиды "халық жауы" дескен жұрт қатты сынға алды

Депутат Ермұрат Бапиды "халық жауы" дескен жұрт қатты сынға алды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи демалысында қай өңірді аралап, қандай жайттарды көздерімен көргенін айтып, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.

Журналистің "өңірлерді аралап, қиналған халықтың жағдайын көрдіңіз бе?" деген сауалына: 

"Қиналған халықты көрмедім. Қымбатшылық туралы, әрине әңгіме бар. 

Жалпы, мен Шығыс өңірін араладым, Алмат облысында болдым. 

Бірақ сондай бір қиналған халықты көрмедім. Жекелеген бір отбасылар бар екен қиналған. Балаларын мектепке дайындай алмай отырған. Оларға азды көпті біраз көмек көрсеттік" деп жауап берді Ермұрат Бапи.

Депутаттың бұл жауабы жұртшылықтың ашуына тигені сондай, тіпті кейбірі "халық жауы ғой мынау" деген де пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар