Бірнеше күннен бері қоғамды шулатып жатқан кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі Жанна Жанықұлованың мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желіде оларды танитын кісілердің жазбалары жұртты тағы шулатты деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде Жұмабек Жанықұлов пен оның бұрынғы әйелі Жаннаны танитын Балауса атты желі қолданушының: "Жанна Жанықұлова шымкенттік танымал дәрігер Алтынай Ниязқызының қызы. Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанында Жаннаның әкесі мен шешесі оларға Алматыдан бір бөлмелі пәтер сыйлады.
Ол кезде Жұмабек ауылдың жүрген бір баласы болатын. Кейінірек Жаннаның сол бір бөлмелі үйін сатып, материалдық жағдайларын түзеткен", деген жазбасы қызу талқыға түсті.
"Дымы жоқ баласының бүгінгідей байға айналуына келінінің ықпалы болғанын біле тұрып, Жұмабектің шешесінің үнсіз отыруы өте ұят екен", "барлық еркек солай, жағдайын түзеген соң, осылай лақтырып кетеді", "Жұмабектің әрекеті азаматтыққа жатпайды" дегенге саятын пікір жазғандар реніштерін жасырмай, "Динара Сәтжанға "отмена" жасау керек!" Деп те айтып жатыр.
