Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туылған сәби табылды

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туылған сәби табылды

Түркістан облысы Кентау қаласырдағы үйлердің аулаларының бірінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz- ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полиция қоршауға алған оқиға орнының суретіне қарағанда, нәрестенің мәйіті қоқыс жәшігінен табылған.

 

"Полиция үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, маңайдағы үйлердің тұрғындарынан және мүмкін куәгерлерден сұхбат алып, медициналық мекемелерді тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция өзге ақпараттардың тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын атап өтті.

Барлық жаңалықтар