"Маскадағы адамның" кім екені мәлім болды: Мадияр Серікбай маңызды видео жариялады (ВИДЕО)

"Маскадағы адамның" кім екені мәлім болды: Мадияр Серікбай маңызды видео жариялады (ВИДЕО)

Қазақстанда "маскалы адам", "человек в маске" деген лақап атпен үнемі қайырымдылық жасап жүретін, ал былайғы жұрт оның кім екенін білмейтін бір жігіт бар. "Өнер Қырандарының" жетекшісі Мадияр Серікбаев сол "маскалы адаммен" кездескен видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Өнер қырандары" тобының әлеуметтік желідегі парақшасында Мадияр Серікбаев "маскалы адаммен" кездесу сәтінен видео жариялап, жұрттан сүйінші сұрады. 

""Ал,халайық, сүйінші! Еліміздегі жұртқа көмектесіп жүрген, жанашыр азаматпен кездесу сәті келіп жетті", деген Мадияр Серікбаев "маскалы адаммен" бірге бірігіп жұмыс жасайтындарын мәлімдеді.

Сол сәтте жанына келген "маскалы адам" да "тарихи сәт келіп жетті, өзімнің шынайы жүзімді көрсетемін", деп бетіндегі маскасын шешеді. Маска шешілгенде, Мадияр Серікбайдың алдында әріптесі Жанболат Найзабеков тұрды. 

Әйтсе де, бұл әзілкештердің кезекті пранктары екенін білген оқырмндары "ақыры кім екенін білетін болдм деп қатты күтіп отырсам", "бәсе, маскалы адам қалайша маскасын шешті десем", "ой, пранк екен ғой" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар