Мұнай $100-ға жақындады: Таяу Шығыстағы шабуылдар әлемдік нарықты дүрліктірді

Мұнай $100-ға жақындады: Таяу Шығыстағы шабуылдар әлемдік нарықты дүрліктірді

Brent мұнайының бағасы барреліне 97 доллардан асып, $100 психологиялық шегіне қайта жақындады. Бағаның көтерілуіне Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс пен әлемдегі негізгі мұнай тасымалының үзілуі мүмкін деген қауіп әсер етті, деп жазады Democrat.kz.

8 қыркүйек таңындағы саудада Brent фьючерстері 97,34 долларға дейін көтерілді.

Америкалық WTI мұнайы 92,63 доллар шамасында саудаланды.

Brent бір күн бұрын 98,06 долларға дейін жетіп, шілде айының соңынан бергі ең жоғары деңгейін көрсеткен.

Соңғы апта ішінде Brent шамамен 8 пайыз, WTI 10 пайызға жуық қымбаттады.

Нарықтағы негізгі фактор — Таяу Шығыстағы әскери жағдайдың ушығуы және Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымы мен тасымалына қауіп төнуі.

Сауд Арабиясындағы энергетикалық объектілерге жасалған шабуылдар да трейдерлердің алаңдаушылығын күшейтті.

Қазақстан үшін мұнай бағасының өсуі экспорттық түсім мен бюджет кірісіне жағымды әсер етуі мүмкін. Алайда геосаяси дағдарыс ұзаққа созылса, әлемдік инфляция мен логистика құнын да көтереді. 

Барлық жаңалықтар