Оқу ағарту министрлігі бастап, полицейлерге дейін тоқтаусыз тыйым салғанына қарамастан, биылғы мектеп бітірушілер түрлі шоулар көрсетуін тоқтатпады. Солардың бірі Жаңаөзендегі №3 мектеп түлектерінің "понттары" болды деп жазады Democrat.kz.
"Сіздермен бірге байланыста №3 мектеп. Біз сіздерге понт дегеннің қандай болатынын көрсетеміз!"деп басталатын видео ролик әлеуметтік желіні "жарды".
Тек қана джип көліктеріне мінген жаңаөзендік түлектер шампан атып, Жаңаөзеннің қара жолында көліктерін тізіп жүріп, думандатқан.
Бұл аз десеңіз, кортеждің ішінде кәдімгі тікұшақ та бар.