Президент Жолдауы: Тоқаев оқушылар мен мұғалімге қатысты айтты

Президент Жолдауы: Тоқаев оқушылар мен мұғалімге қатысты  айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру керек болады. Қашықтан оқыту тәсілі және ЖИ технологиясы негізінде Қазақ digital мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет, - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар