"Түрмеде зорлады, жүкті болдым" деген әйел түрмедегі сұмдықтарды айтты

"Түрмеде зорлады, жүкті болдым" деген әйел түрмедегі сұмдықтарды айтты

"Журналистік зерттеу бюросы" арнасына сұхбат берген келіншек түрмеде басынан өткен сұмдық жайттарды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Журналистік зерттеу бюросының" әлеуметтік желідегі парақшасында түрмеден шыққан әйелдің сұхбаты шықты. 

Өз сұхбатында ол "мені түрмеде зорлады, сол зорлықтан сәбилі болдым" дейді. 

"20018 жылы Қызылордадан ШымкенттегіИЧ 167-10 мекемесіне ауыстырылдым. Сол жерде туыстарымен кездесетін жерге мені жұмысқа тағайындады. 

Сол кездері карантин басталып, мен жұмыс істеген жерге еркектер мен әйелдерді карантинге он бес күнге жатқызатын болды.  Қызылордадан мұнай ұрлап істі болған Баскараев Кенжебек деген кісіні де сол жерге карантинге жатқызды. 

Сол Кенжебек келгелі басыма қара бұлт үйірілді. Бір күні сол карантин жерін жинауға келгенімде Кенжебек мені күштеп зорлады. 

Бұл туралы мекеме басшыларына шағымдандым. Бірақ мәселе жылы жабылды. Себебі саған "нарушение" жазамыз деп қорқытты. 

Содан амалсыз олардың шартына көндім. Ал Кенжебек қалаған уақытында мені төсекке сүйреп, зорлап жүрді" деген келіншек зорлықтың салдарынан жүкті болғанын айтты. 

Алайда баланың әкесі баласын танудан, әкелік міндетін орындаудан бас тартып жүргенін айтқан келіншек көмек сұрады. 

 

Барлық жаңалықтар