WhatsApp мессенджері iOS пайдаланушылары үшін жаңа жасанды интеллект функциясын ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Democrat.kz.
«Жазуға көмек» (Writing Help) құралы ағылшын тілінде сөйлейтін қолданушыларға 2025 жылдың 27 тамызынан бастап қолжетімді. Бұған дейін ол біраз уақыт бета-тестілеуден өткен.
Бұл функцияның көмегімен қолданушылар хабарламаларын жібермес бұрын жасанды интеллект арқылы жетілдіре алады. Пайдаланушы мәтінді терген кезде, чат панеліндегі стикер белгішесі қалам символына ауысады – бұл ИИ-көмекшілерінің қолжетімді екенін білдіреді. Қаламға басқанда, жүйе мәтіннің кем дегенде үш баламалы нұсқасын әртүрлі стильде ұсынады.
Пайдаланушылар хабарламалары үшін бес түрлі тонды таңдай алады:
қайта жазу – мәтінді түсінікті ету үшін;
ресми стиль – іскерлік не ресми әңгімелерге;
әзіл-қалжың – көңілді реңк қосу үшін;
қолдау көрсетуші – жұмсақ, жылы үнмен жеткізу үшін;
корректура – грамматикалық және орфографиялық қателерді түзету үшін.
Жүйе компанияның басқа қосымшаларында да қолданылатын «Жеке өңдеу» (Private Processing) технологиясына негізделген. Жобалаушылардың айтуынша, бұл функция деректердің құпиялығын толық қамтамасыз етеді: хабарламалар анонимді түрде өңделеді және шифрланады, компания қолданушы деректерін сақтамайды және әңгімелер тарихын сканерлемейді – тек дәл сол сәтте енгізіліп жатқан мәтінмен жұмыс істейді.