Партияның саяси кеңесі отырысында төраға Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төңірегіне түрлі мамандық иелері, жастар мен қоғам қайраткерлері бірігіп жатқанын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Оның айтуынша, партия өңірлік құрылымдарды нығайтуға, кадрлық әлеуетті дамытуға және мықты сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға ниетті.
Сондай-ақ Дәдебай партияның «Әділетті Қазақстан» құру бағытын қолдайтынын және оны нақты бастамалар мен ашық диалог арқылы жүзеге асыруға қатысуға дайын екенін атап өтті.
«Әділет» партиясының екінші съезі 14 маусым күні өтеді. Ол AMANAT партиясының съезінен екі күн кейін ұйымдастырылады.