Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңа «Әділет» саяси партиясының төрағасы болды. Мұндай шешім бүгін Астанада өткен партияның құрылтай съезінде қабылданды, деп жазады Democrat.kz.
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының саяси кеңесіне кірді.
Құрылтай съезінде жаңа бірлестіктің саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Тізімге 30 адам енді.
Олардың қатарында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай, «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, балалар омбудсмені Динара Закиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және басқалар бар.
Бұған дейін съезд қатысушылары бірауыздан «Әділет» партиясын құруға дауыс беріп, оның «Әділетті Қазақстан үшін» атты бағдарламасын бекітті.
Еске салайық, бұған дейін Айбек Дәдебай президент Әкімшілігін басқарған. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуды тапсырғаны хабарланған болатын.